«Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 10 шілдедегі № 174 бұйрығы (2025.09.05. берілген өзгерістермен)

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 10 шілдедегі № 174 бұйрығы

(2025.09.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.24.04. № 82 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

2024 жылғы 1 қыркүйек - 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан - 8 оқу аптасы.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.24.04. № 82 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 16 маусым аралығында.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.