«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 290 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2014 ж., № 71, 642-құжат, 2016 ж., № 67, 457-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы
Департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
дербес басқарманың бастығы;
дербес басқармасы бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі бас жедел уәкіл (тергеуші);
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);