«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заңы (2025.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

14) халықпен жұмыс жөніндегі ақпаратты:

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигін;

өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік орган қарауға қабылдайтын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілерін;

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың тиісті салалардағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты;

15) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпаратты;

16) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпаратты немесе орналастыруды мемлекеттік орган қажет деп санайтын ақпаратты орналастыруға міндетті.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган өзінің интернет-ресурсында Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қор каталогын орналастырады.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар Қазақстан Республикасы соттарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:

1) ашық қол жеткізуде орналастыруға жатпайтындарды қоспағанда, сот актілері;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, сот істерін қарау графиктері орналастырылуға тиіс.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарында сондай-ақ:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есеп;

2) жергілікті қоғамдастық жиынын, жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;

3) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жиналысының хаттамалары, сондай-ақ оларда қабылданған шешімдер орналастырылуға тиіс.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарында:

1) қызметі туралы жалпы ақпарат:

тарихы;

ұйымдық құрылымы;

басшылығы туралы мәліметтер;

қызметі туралы мәліметтер;

консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;

байланыс деректері (анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің (болған кезде) пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);

2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:

жарияланған бос лауазымдар;

бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;

3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;

4) қаржылық есептілік, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат, азаматтық бюджет;

5) өздерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;

7) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;

8) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;

9) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;

10) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;

11) «Сұрақ-жауап» сервисі;

12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;

13) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

14) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;

15) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қызметі туралы жалпы ақпарат:

тарихы;

ұйымдық құрылымы (басшылары көрсетіле отырып, бөлімшелердің тізбесі);

басшылығы туралы мәліметтер (жетекшілік ететін салалардағы лауазымдық міндеттері, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтер);

қызмет түрлері;

даму стратегиясы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары;

консультативтік-кеңесші органдардың (болған кезде) қызметі туралы ақпарат;

анықтама қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық өкілдіктердің және еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірлері);

активтерді сатып алу (иеліктен шығару), басшы құрамдағы (оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдардың) кадрлық өзгерістер туралы ақпарат;

2) бос лауазымдар жөніндегі ақпарат:

жарияланған бос лауазымдар;

бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері;

3) ресми жаңалықтар, баспасөз релиздері, алдағы оқиғалардың күнтізбелері;

4) қаржылық есептілік, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпарат;

5) еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат;

6) қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттар;

7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы ақпарат;

8) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ақпарат;

9) статистикалық көрсеткіштер және қызметінің нәтижелері;

10) атқарылған жұмыс туралы талдамалық есептер мен баяндамалар;

11) жүргізілген әлеуметтанушылық, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер;

12) келіп түскен сұрау салуларды жинақтап қорыту және талдау нәтижелері бойынша ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет сұрататын ақпарат;

13) өздерінің жүргізуіндегі дерекқорлардың (деректер банктерінің), тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбесі;

14) «Сұрақ-жауап» сервисі;

15) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау графигі;

16) өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағым жасау тәртібін қоса алғанда, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау мәселелері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беретін уәкілетті адамдардың байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы);

17) Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарауға қабылданатын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілері;

18) орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ақпарат немесе орналастыруды квазимемлекеттік сектор субъектісі қажет деп санайтын ақпарат орналастырылуға тиіс.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Бюджет қаражатын алушылардың интернет-ресурстарында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмаған ақпарат орналастырылады.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда

11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың интернет-ресурстарында мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпарат орналастырылады.

12. Өзінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыруға техникалық мүмкіндігі жоқ ақпарат иеленуші оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.

13. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

14. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін.

14-1. 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында қол жеткізу шектелген ақпарат орналастырылуға жатпайды.

16. Интернет арқылы нормативтік құқықтық актілерге тегін қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы да қамтамасыз етіледі.

 

17-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталында ақпарат орналастыру

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген не «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастырады және уақтылы жаңартып отырады.

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұратуға құқылы.

Ақпаратты иеленушілер ақпаратты проактивті тарату мақсатында ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыруға да құқылы.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нəтижелерін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес жариялануға жататын материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына жəне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.

2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

17-баптың 5-тармағы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді, сондай-ақ 3) тармақшада көрсетілген ақпарат иеленушілер, мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауап береді.

 

2023.02.10. № 31-VIII ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты

Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ақпаратқа қол жеткізуді және ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ең төмен талаптар жүйесі ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты болып танылады.

 

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

17-2-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін:

1) мүгедектігі бар адамдарға арналған, оның ішінде бедерлі - нүктелі Брайль қарпімен басып шығарылатын мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет шығару;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның сурдоаудармасы немесе субтитрлер түріндегі аудармасы;

3) мүгедектігі бар адамдарға арналған веб-контенттің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық стандартқа ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстарының сәйкес келуі;

4) көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдардың пайдалануы үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері интернет-ресурстарының бейімделген болуы;

5) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға еркін қол жеткізу;

6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы өзекті және толық ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.

2. Тұлғааралық қарым-қатынас құралы ретінде ымдау тіліне аударма қолданылады, ол есту қабілеті бұзылған балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында да қолданылады.

 

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау

1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым азаматқа тиісті лауазымды адамның немесе органның әрекет жасағаны немесе шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.

 

2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган - Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделер деп ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу мен таратуға әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың қолайлы жағдайларын, нысандарын, тетіктері мен тәсілдерін жасау түсініледі.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде ашықтық пен бүкпесіздік негізінде жүзеге асырылады.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.

 

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, соттарды және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда, осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер ақпаратқа қол жеткізу саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.

3. Мыналар ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады:

1) қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдар;

2) ақпарат иеленушілердің интернет-ресурстары;

3) «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастары;

4) ашық отырыстардың онлайн-трансляциялары, ашық отырыстың жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған жазбалары және (немесе) жазбаларына сілтемелері;

5) ашық отырыстардың хаттамалары мен стенограммалары;

6) қашықтан бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру нысанасына жататын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі материалдар, құжаттар мен мәліметтер не олардың көшірмелері.

4. Қашықтан бақылауды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне бармай, талдау және ақпараттық жүйелердің, электрондық ақпараттық ресурстардың, ашық дереккөздердің, масс-медианың деректері, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүргізеді.

5. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру қашықтан бақылаудың мақсаттары болып табылады.

6. Қашықтан бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

7. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бірінші басшының не оны алмастыратын адамның атына бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді және жіберіледі.

8. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда:

1) ұсынымның жасалған күнін, нөмірі мен орнын;

2) осы Заңның және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің нақты нормаларына сілтеме жасала отырып анықталған бұзушылықтарды;

3) бұзушылықтарды жою үшін бақылау субъектісінің қабылдауы қажет ұсынымдар мен шараларды;

4) ұсыным табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын, бұзушылықтарды жоюға арналған мерзімдерді;

5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамының (лауазымды адамдарының) тегі мен аты-жөнін, қолтаңбасын көрсетеді.

9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберіледі және мынадай жағдайларда:

1) поштамен - пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен - электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жеткізілгені туралы хабардар етілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің қарсылығын қарайды және бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап береді.

Уәжді жауап қайта қаралуға жатпайды.

11. Бақылау субъектісі ақпаратқа қол жеткізу саласын дағы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы жөніндегі ақпаратты ұсыным орындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

Бақылау субъектісі берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.

12. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты алғаннан кейін мынадай:

1) ұсынымның орындалғаны туралы;

2) ұсынымның орындалмағаны не ішінара орындалғаны туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

13. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

1) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамау не ішінара орындау;

2) бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың орындалуы жөніндегі ақпаратты бермеу;

3) сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы;