(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 2015.05.0...

Осы редакция 2016 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 5 мамырдағы

№ 311 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), соның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

4. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.