«Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 380-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 380-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларында:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Төлемдерді алу үшін өтініш беруші төлем тағайындау жөніндегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

3) балет әртісі ретінде еңбек қызметін, кәсіби еңбек өтілін растайтын құжат;

4) хореографиялық өнер саласындағы техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімін бітіргені туралы диплом;

5) балет әртісі лауазымындағы соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған бұйрықтың көшірмесі не еңбек шартын бұзу туралы үзінді көшірме;

6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шотының болуы туралы анықтама;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.