«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 523 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актімен № 7197 тіркелінген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын жасау ережесінде:
4-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;
4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет;
5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кейін;