«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы (күші жойылды)

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11565 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

11-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4-рәсiм - электрондық үкiметтiң шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жiберу;

2-шарт - көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;

5-рәсiм - көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;»;

11-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-шарт - порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң төлнұсқалығын логин (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы тексеру;».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.