«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 332 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 332 қаулысымен бекітілген

 

 

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда және облыстық ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын Стандарттың қосымшасына сәйкес анықтама-сертификат.

 

 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл
тәртiбiн сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.