«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 546/НҚ бұйрығы

«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 546/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17028 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетіліп отырған бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы №846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және олардың аумағы шегінде тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұру және қалпына келтіру тәртібі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.