«Көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қазандағы № 262 бұйрығы

Көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 9 қазандағы № 262 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 290-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Көміртегі нарығын тұрақтандыру резервін басқару қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрінің м.а.

 

 

Ж. Алиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жасанды интеллект

және цифрлық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрінің м.а.

2026 жылғы 9 қазандағы

№ 262 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.