Несие капиталының сыртқы нарығында орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 243 Қаулысы
(2018.02.10. берілген өзгерістермен)
ылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабының 5-тармағына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2018.02.10. № 612 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2018 жылы несие капиталының сыртқы нарығында кемінде 1170000000 (бір миллиард бір жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.