«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабының Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісі А.А. Бельгибаевтың және оның өкілі – адвокат А.А. Кабдошеваның,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – төрағаның бірінші орынбасары Д.М. Малаховтың,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – төрағаның орынбасары С.С. Мүксімовтің,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі – вице-министр А.Қ. Мұқанованың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Аскарбек Адылбекович Бельгибаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚбК) 154-бабының және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс (Ерекше бөлім) 895-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.