«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы (2026.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы

(2026.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023.16.06. № 192 бұйрығымен (2023 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026.19.08. № 148 бұйрығымен (2026 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14431 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.