Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 445 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою тізбесін бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 445 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі