«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 25 шілдедегі № 228 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Жер кадастры» кіші жүйесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Деректерді беру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: