«Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 194 бұйрығы (2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Музей ісі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 194 бұйрығы

(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.30.07. № 368-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтер» музей саласындағы әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

 

А. Оралов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.30.07. № 368-НҚ бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2023 жылғы 24 шілдедегі

№ 194 бұйрыққа

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.