«Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 390 бұйрығы

 «Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 390 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29862 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықта:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Электрондық жер кадастрлық карталарды жасауды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен жасалған шарт негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау кезінде жоспар-график жасалады, онда әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының қолданыстағы электрондық жер-кадастрлық карталары және жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктер көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.