Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 465 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидалары:
2-тармағы жаңа тармақшалармен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:
«8) толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт-объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға ілеспе жеткізуді қамтитын кешенді жұмыстар нысанасы болып табылатын шарт жобалар мен техникалық қадағалау қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, тауарлар мен қызметтер көрсету»;