«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 305 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі - МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ - МДТО-ны жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
Vпф = ∑(Nz * Контz),
мұндағы:
Контz - тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);
z - міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар, туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтар) бойынша индекс;