(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА КОРОНАВИРУ...

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулысы

(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның (СOVID-19) профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.01.07. № 30 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.

4. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін.

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.