Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1207 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мына мемлекеттік мекемелері:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi полиция полкi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.