(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ІСКЕ АСЫРУ, МОНИТОРИН...

Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығы

(2021.02.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 142-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12443 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.