«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына және «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 27 бұйрығы (2026.11.01. берілген өзгерістермен)

 «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына және «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 27 бұйрығы

(2026.11.01. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.23.12. № 133 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мынадай:

1) объектіні мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталды төлеуге объект берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғаға беру;

2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.