«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 5 тамыздағы № 423 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
«Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу саласында мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер» бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер»;
«Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер» бөлімінің 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер | |||||||||
| Бюджет түрi | Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) атауы/тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткізуден түскен ақшаның пайда болу көздерi | Пайдалану бағыттары | Негiздеме | ||||||
| Функционалдық топ | |||||||||
| Кiшi функция | |||||||||
| Бағдарламалар әкiмшiсi | |||||||||
| Бағдарлама | |||||||||
| Кiшi бағдарлама | |||||||||
| Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды | |||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |