(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТУРИСТІ МIНДЕТТI САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ...

Предыдущая страница

сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша сақтандырушыға және ассистанс компанияға телефон соғудың, хабарлардың жүзеге асырылғанын растайтын құжаттар;

залалдарды болғызбау және азайту бойынша шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;

пайда алушының жеке басын және құқықтарын растайтын құжаттар, қажет болған кезде, ұсынылады.

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көpceтe отырып, анықтама беруге міндетті.

Өтініш беруші сақтандыру төлемі туралы өтінішті электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.

4. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандырушы сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.

5. Сақтандырылушы айқындаған тұлға, ал сақтандырылушы қаза тапқан кезде оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.

6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін:

осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен бұл туралы хабардар етпей сақтандырылушының шұғыл жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан сақтандырылушының шығыстарын өтеу;

ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен төлеу арқылы жүргізеді.

7. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне туристі міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде, аталған тұлғалардың бірде-біреуі дау айтпайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.

Сақтандыру төлемінің дау айтылатын бөлігін сақтандырушы соттың татуласу келісімі туралы ұйғарымы немесе, егер сот шешімді дереу орындауға жібермесе, соттың осы дау бойынша шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеуге тиіс.

8. Туристі міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

9. Сақтандырушы сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы

Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге кінәлі тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде өтеді.

 

20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) сақтандырылушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерінің;

2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) сақтандырылушының залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;

2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша іс жүзінде шеккен шығыстар негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру төлемі туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды сақтандырушыға толық көлемде ұсынбауы;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

5) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер негіз бола алады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:

1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан;

2) сақтандырылушының мынадай:

емдеуші дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды тұтыну;

құқық қорғау органы және (немесе) сот анықтаған, есірткі, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі түрде тұтыну не олардың күштеп енгізілу жағдайларын қоспағанда, алкогольдік, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдің ауыр дәрежесінде болуы салдарынан басталған оқиға;

3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша өтініш жасауға байланысты алған емдеуші дәрігердің нұсқамаларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайларда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

3. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.

5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы):

талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстарыарқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.

2. Сақтандырушы сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

3. Сақтанушы, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысы бар құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

 

 

6-тарау. Қорытынды ережелер

21-бап. Дауларды қарау тәртібі

Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

22-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Туристі мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасының

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен қосымшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

«Туристі міндетті сақтандыру

туралы» 2003 жылғы

31 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасының Заңына

қосымша

 

 

ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ