«Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 16 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 16 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары бекітілсін.

2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.