(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНИ ӘДЕБИЕТТІ ЖӘНЕ ДІНИ МАЗМҰНДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ АҚПАРАТ...

Осы редакция 2017 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 147 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін

арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімі.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну түрі: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.