«Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 24 бұйрығы

«Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 24 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 237 (28715) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:

Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Нұсқаулыққа 7-қосымшада:

11, 13 және 15-кестелер осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Нұсқаулыққа 26-қосымшада:

24-кесте осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.