Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 Қаулысы
(2015.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы (бұдан әрі - Даңқ Кітабы) тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі;
Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.19.02. № 76 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына беруді қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.19.02. № 76 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2015.19.02. № 76 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 538 қаулысымен
бекітілген