«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 191 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 191 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген тізбедегі 1-тармақтың үшінші абзацын, 2-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 3-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он жетінші, жиырма бірінші, жиырма үшінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 4-тармақтың бесінші, сегізінші, оныншы, он сегізінші, жиырма екінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы, отыз екінші және отыз алтыншы абзацтарын, 5-тармақтың үшінші, бесінші және жетінші абзацтарын, 6-тармақтың үшінші абзацын, 7-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма тоғызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 8-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он екінші, он төртінші және он сегізінші абзацтарын, 9-тармақтың жетінші, тоғызыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз екінші, отыз сегізінші, қырық төртінші және елуінші абзацтарын, 10-тармақтың үшінші абзацын, 11-тармақтың үшінші абзацын, 12-тармақтың үшінші абзацын, 13-тармақтың үшінші абзацын, 14-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.