(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІН (ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ МІНДЕТТЕРІН) А...

Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 12-тармағына, 78-бабының 11-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.