(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЖСЫЗ САУДА ДҮКЕНДЕРІ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ»...

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

26-қосымша

 

Осы редакция 2024 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.

Келу тәртібімен - көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.