(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ СТИПЕНДИАТЫ РЕТ...

Осы редакция 2016 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.22.01. № 64 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

№ 187 бұйрығына

№ 3 қосымша

 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы   (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

Мемлекеттік корпорацияға:

Астана қаласы бойынша - күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

өзге өңірлерде - 15 (он бес) жұмыс күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.