7. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
8. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
9. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғану құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
10. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
11. Ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
12. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар (жұмыс ауысымының ұзақтығына және маска ауысымына қарай кемінде 2 сағатта 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскалары (келесі қолданар алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптар (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтар немесе тері антисептиктері қорының болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмаңыз. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау пакеттерге арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылады;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) табиғи желдету болмаған жағдайда келушілер көп жиналатын жерлерде (холлдар, залдар, мейрамхана) бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдалануға) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында пайдалануға;
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
14. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
3) персоналды жеке қорғану құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
15. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын сулықтар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинауды арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жүргізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
5) персоналды жеке гигиена және COVID-19 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру ережелері бойынша мерзімді оқыту;
16. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшн алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), желдету режимін сақтау;
4) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
5) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
6) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
17. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
18. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
14-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әуежайлардың, теміржол
және автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға
қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Апта сайын қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын (орындықтарды, есіктерді, тұтқаларды, терезе алды және т.б. өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
2. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарда:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу;
2) барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет 15 минут жиілікпен желдетуді қамтамасыз ету;
3) нұсқаулық жүргізуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаулықты жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдардың қорларын толықтыруға жауапты адамды бекіту;
4) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
5) COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауал жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
6) жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персонал тексерілу үшін жіберіледі.
7) жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу;
8) жеке қауіпсіздік қызметінің немесе білікті персоналдың кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру жүргізуі;
9) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
10) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
11) COVID-19 ауыратын жолаушылар немесе қызметкерлер анықталған кезде қорытынды дезинфекциялау.
3. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының байланысына жол бермеу мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5. Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналатын жерлерді болдырмау үшін еденге белгі қою қамтамасыз етіледі.
6. Жолаушыларды ақпараттандыру мақсатында санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция 60 минутта кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
7. Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды:
1) медицина қызметкерлерінің тұрақты болуын;
2) дезинфекциялық режимнің сақталуын;
3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т.б.) қамтамасыз етуді;
4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;
5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.
8. Әуежайлар мен вокзалдар персоналы:
1) әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кететін жолаушыларды толық қарап-тексеру аймақтарында) медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жұмыс күні ішінде пайдалануға;
3) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауға;
4) жолаушылармен және басқа да қызметкерлермен қарым-қатынасты шектеуге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
9. Вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға күдік болған жағдайда ауысымға жаңадан келіп түсетін немесе ауыстыратын қызметкер ауырып қалған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
10. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі мыналарды:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) әуежай, вокзал ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық бақылауын (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеру кезіндегі жай-күйі мен термометриясы);
5) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;
6) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
7) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, маршрут аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.
11. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
12. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
13. Дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
14. Ауаны қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
15-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде маусымдық ауыл шаруашылығы
дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған
ұйымдар мен қызметкерлердің қызметіне
қойылатын талаптар
1. Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарын, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оның ішінде бал ара шаруашылығына тартылған адамдардың көлікпен жүруі міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жүзеге асырылады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін астық қабылдау кәсіпорындарынан тиеп жөнелтуді қамтамасыз ететін а/ш кәсіпорындарының, ұйымдарының мамандандырылған техникасын қаржыландыруды, лизингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар көлігінің шығуы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлерді тұрғылықты жерінен жұмысқа және жұмыстан қызметтік автобуспен/автокөлікпен орталықтандырылған жеткізу ұсынылады.
4. Қызметтік көлік құралының жүргізушісінде талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қолды өңдеуге арналған антисептиктің және жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, маскалар) болуы;
5. Әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізіліп, кейіннен желдету жүргізіледі.
6. Қызметкерлердің кіруі және шығуы автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы кезінде жүзеге асырылады.
7. Салонға маска киген жолаушылар отыратын орын санынан аспайтын мөлшерде жіберіледі.
8. Қызметкерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізіледі.
9. Күнделікті жұмысқа шығуға мониторинг жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
16-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде жолаушылар тасымалын
(жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды) тұрақты жүзеге асыратын
ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды)
тұрақты жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық тасымалдар, сондай-ақ өңірлердегі автостанциялар мен автовокзалдар үшін жұмыс режимі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды және автобустардың қозғалыс кестесін ескере отырып, белгіленеді.
2. Қоғамдық көліктің толтырылуы отыратын орындар саны бойынша қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарын қоса алғанда, тұрақты ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автобустардың толтырылуы отыруға арналған орындардың жалпы санынан қамтамасыз етіледі.
4. Көлік құралында міндетті түрде маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Аялдама пункттері мен автобустарда (табло, инфолист) жолаушылардың автобусқа (көлік құралына) міндетті түрде маскамен және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жіберілетіні туралы ақпараттандыру ұсынылады.
5. Жергілікті атқарушы органдар, автобус аялдамаларына қызмет көрсететін ұйымдар жолаушылардың әлеуметтік ара қашықтығы қағидатын сақтау үшін аялдама кешендеріне белгі қоюды қамтамасыз етеді.
6. Жолаушылардың автобусқа кіруі алдыңғы есік арқылы, ал шығуы ортаңғы және артқы есіктер арқылы жүзеге асырылады.
7. Жүргізушінің, кондуктордың және бақылаушының, еріктінің автокөлік құралында болуы және басқарылуы жұмыс күні ішінде маскаларды немесе рейсті пайдалана отырып, оларды уақтылы ауыстыру шартымен қамтамасыз етіледі, кондукторлар қорғаныш экрандарын (қалқандарды) пайдаланады.
8. Көлік құралдарында жолаушылардың, жүргізушінің және кондуктордың қолдарын өңдеуге арналған маскалар мен санитайзерлердің жеткілікті саны орнатылады.
9. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы көлік құралының салонында желдету/ауа баптау құрылғысы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
10. Маршруттың (рейстің) жүру мерзімі аяқталғаннан кейін тұратын уақытында салонды міндетті түрде желдете отырып, жанасатын беттерді терезелерді, тұтқаларды, есіктерді, таяныштарды, орындықтарды пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіледі (дезинфекциялау сулықтарымен сүртіледі).
11. Елді мекен ішінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік үшін тұрақ орындарында автокөлік құралының салонын (есік тұтқалары, креслолар, тұтқалар және т.б.) жинау және дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.
2. Таксиге қойылатын талаптар
12. Автокөлік құралын басқару жұмыс күні ішінде қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, маскаларды әрбір 2 сағат сайын ауыстыра отырып жүзеге асырылады.
13. Жолаушыларды тасымалдау барлық жолаушыларда міндетті түрде маскалар болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Таксиге тапсырыс беру кезінде жолаушыларға маскалары болған кезде салонға кіретіні туралы хабарлау.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
17-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде
СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың,
бассейндердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
2) ұйымға кіру кезінде персонал мен келушілердің дене температурасын дене температурасын жанаспайтын тәсілмен (электрондық,инфрақызыл термометрлер, тепловизорлар) бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді;
4) персоналдан респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын, COVID-19 науқасымен байланыстың бар-жоғын сұрау. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) жұмысқа жіберілмейді;
5) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен персонал мен келушілердің қолын өңдеуге арналған құралдарды орнату;
6) кіреберісте дезинфекциялау құралымен суланған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады;
7) келушілер мен қызметкерлер үшін еденге 2 м қашықтықта таңбалар (бу бөлмесінен басқа), келушілердің қозғалысын бағыттау үшін қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу арқылы әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
8) персоналдың арнайы киімдерін және келушілерге арналған іш киімдерді күнделікті жуу;
9) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидтік әсер ететін құралдармен күніне кемінде 2 рет және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында ылғалды жинау жүргізуге;
10) Дезинфекциялау ерітінділерін оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау;
11) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі: униформа, қолғап, медициналық маска;
12) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақтау;
13) желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі), желдету режимін сақтау;
14) ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып жүзеге асырылады;
15) ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі;
16) кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады;
17) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамын анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
18) қол жууға арналған раковинамен және дозаторы бар тері антисептиктерімен жабдықталған арнайы бөлінген бөлмеде ас ішу;
19) келушілерге тек арнайы бөлінген орындарда қыздыру мүмкіндігімен өнеркәсіптік қаптамада (ланч-бокстар) оралған сусындар мен дайын тамақ өнімдерін беру;
20) келушілерді және жұмыскерлерді алдын алу шаралары мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы хабардар ету (дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу, әлеуметтік алыстау қажеттілігі және т.б.).