Ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ашуға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен персоналдың ең аз саны (бір дәрігер-патологоанатом және екі санитар) қатысады.
COVID-19-бен ауыратын науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе FРР2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады.
Сақтау қажет болған жағдайда қайтыс болған адамның мәйітін дезинфекциялау құралына мол суланған жаймаларға орап, содан кейін арнайы бөлінген таңбаланған кассеталық тоңазыту камерасына салу қажет.
COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Денені дайындау ең аз адамдардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) ЖҚҚ (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, медициналық маскалар, қолғаптар) киеді. Дене сұйықтықтарының шашырауы мүмкін кез келген іс-әрекетті орындау кезінде көзді және ауызды қорғау құралдарын (бетке арналған қорғаныш қалқаны немесе көзілдірік, сондай-ақ медициналық маска) пайдалану керек.
Денені дайындауға балалар, қарттар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі әлсіреген) қатыспауы керек.
Денені дайындауға арналған үй-жайдағы беттер алдымен сабынды сумен немесе өнеркәсіптік өндірістің дайын жуу құралымен өңделеді, содан кейін вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген, оларға қоса берілген нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау құралымен өңделеді
2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, ЖҚҚ (респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилалар) пайдалана отырып, қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқандарының жуу кезінде болуына жол беріледі.
Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») орайы. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытта тасымалданады.
Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.
Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.
Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
COVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.
Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде тікелей көмілген жерде тиісті шоғырланудағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
Мәйітті көму орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік нұсқаулыққа сәйкес тиісті шоғырланудағы дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуу немесе гидропультпен қарқынды сулау жолымен зарарсыздандырады.
Көлікті дезинфекциялауды (жууды) жүргізетін адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш халаты, қолғаптар, медициналық маскаларды) пайдалануы қажет.
Көлікті басқа орындарда дезинфекциялауға және көму орнынан зарарсыздандырылмаған құрал-саймандарды, пайдаланылған қорғаныш киімдерін және мәйітті тасымалдау мен көмуге пайдаланылған басқа да заттарды әкетуге жол берілмейді.
Қайтыс болған адамды басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
Елдің аумағында COVID-19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
32-қосымша
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
І. Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген
иммундық-хроматография әдісімен жедел тестілеу
1. Жалпы ережелер
1. COVID-19 жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
2. SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
3. Жедел тестілеу:
1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде (РОСТ);
2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе үйге жылжымалы мобильді бригадалар;
4) арнайы палаткаларда немесе мобильді сынама алу пункттерінде (АП немесе мобБАП);
5) автомобиль және теміржол өткізу жолдарында (өткізу пункттерінде);
6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.
4. Медицина персоналына өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.
5. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері ЖҚҚ-ны (медициналық маска, қалпақшалар, бір рет қолданатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, стерильді емес, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат) пайдалана отырып жүзеге асырады.
6. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:
1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын жедел тест;
2) спиртті сулықтар;
3) бір рет қолдынылатын скарификатор.
7. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында БАП медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді.
8. Әрбір биоматериал сынамаларын іріктеу алдында медицина қызметкері бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес қолын мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғаптар киеді, іріктеуді ЖҚҚ-да жүзеге асырады.
2. Қан алу және тестті жедел әдіспен орындау
9. Қан алу алдында медицина қызметкері тестті орындауға қажетті құрал-саймандар мен материалдарды - скарификаторды, екі спиртті сулықты, тест жолақтарын, буферлік ерітіндіні дайындайды.
10. Тест-жолақтар қаптамадан алынады.
11. 4-ші саусақтың дистальды фалангасы спиртті сулықпен өңделеді.
12. Бір рет қолданылатын скарификатормен тесіледі, капилляр қанының үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және жедел тест ұяшығына орналастырылады. Бұдан әрі осы ұяшыққа жиынтыққа кіретін буферлік ерітіндінің 2 тамшысы қосылады.
13. Спиртті сулықпен тесілген орын өңделеді, қажет болған жағдайда пациент қан кету толық тоқтағанға дейін оны тесу орнына қысып ұстайды.
14. Белгіленген экспозиция уақыты өткеннен кейін тестілеуді орындайтын адам нәтижені оқуды жүргізеді. Әдетте, экспозиция уақыты 15 минутты құрайды, бірақ бұл уақыттың қолданылатын тест-жүйелерге байланысты айырмасы болуы мүмкін.
15. Экспозиция уақыты таймермен белгіленеді. Экспозиция уақытын арттыруға жол берілмейді, себебі бұл жағдайда нәтиже валидті болмауы мүмкін!
16. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері пайдаланылған скарификаторды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған ҚЖКҚ-на, пайдаланылған тест жолақтарды, тамшуырды, спиртті сулықтарды салады және пайдаланылған қолғаптарды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған сыйымдылыққа кәдеге жаратады.
17. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері жұмыс беткейлерін (үстел, орындықтар немесе кушеткалар және т.б.) дайын дезинфекциялау ерітінділерімен «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып өңдейді.
18. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.
19. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.
20. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қол жуу алгоритміне сәйкес қолын сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.
21. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізеді, кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетеді.
22. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:
1) оң IgM - антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі;
2) оң ІgG - антиденелердің болуы, ауырып сауыққан;
3) оң ІgМ және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту;
4) оң С (бақылау) - реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже;
5) теріс С (бақылау) - үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.
23. ІgМ жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман:
1) тестіленуші адамды COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;
2) қайтадан оң ІgМ алынған кезде медициналық ұйым басшысына немесе жауапты адамға оң нәтижелі пациент туралы хабарлайды, ол 2 сағаттың ішінде ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментін хабардар етеді;
3) қайтадан оң ІgМ нәтиже алынғаннан кейін дереу ПТР зерттеуге биоматериал алуды жүргізеді және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалуға кеңес береді;
4) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациент инфекциялық ауралар стационарына жатқызылады, теріс нәтиже алған кезде 14 күнге үй карантиніне жіберіледі және қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) арқылы тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға алынады.
24. ІgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:
1) жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдіктің болуы туралы хабарлайды;
2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы АД-ға зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды.
25. Теріс нәтиже алған кезде (ІgМ және ІgG анықталмаған) тексерілген адамға COVID-19-дың болмау ықтималдығы жоғары екендігі және қорғанудың профилактикалық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабарланады.
26. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.
ІІ. ИФТ әдісімен тестілеу
1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға ұжымдық иммунитетті анықтауға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.
2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал - бұл қан сарысуы.
3. Биоматериалды іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
4. Материалды алу кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.
5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтік науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен байланыс.
6. Қан сарысуы бар шыны түтік биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!
7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.
8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.
9. Зертханаларда COVID-19 антиденелерін ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып анықтау жүргізіледі.
10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т.б. зерттеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.
11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар СЭБК-ге белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті ұсынады.
12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша және СЭБК-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеу және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ға хабарлауды жүргізеді.
13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т.б.
14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдаған жөн.
15. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т.б. референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.
ІІІ. ПТР әдісімен тестілеу
1. COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:
1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:
1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;
3) COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдар;
4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері;
1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдар;
3) жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлер;
4) мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдар.
5) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
6) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
7) науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдар;
8) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер;
9) гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;
10) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
11) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде және кейіннен ай сайын;
12) демалыстан, іссапардан, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмауынан кейін медицина қызметкерлері;
13) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.
2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.
3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.
4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.
5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.
6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.
7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.
8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.
9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.
10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.
11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.
12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша АБ-ға шұғыл хабарлама ресімделеді.
13. Тестілеу жүргізетін барлық зертханалар:
1) СЭБКД-не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті;
2) өткен ай үшін ай сайын ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына COVID-19-ға оң (жалған оң нәтижені болдырмау үшін) және 10 теріс (жалған теріс нәтижені болдырмау үшін) үлгіні қайта тестілеуге береді.
14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-не хабарлауды жүргізеді.
15. Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013стандарт талаптарына сондай-ақ сапаны сырттай бағалаудың Ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, ҰҚДО ҒПСЭСМ филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіби тестілеу) жүргізуде оның ішінде ДДҰ ынтымақтастық зертханасымен.
16. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілер бекітілген нысан бойынша жолдамамен қоса беріледі (сілтеме).
17. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.
18. Сапаны сыртқы бағалау (тестілеу, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін өткізіледі.
19. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.
20. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.
21. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.
22. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.
23. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.
24. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.
IV. SARS СоV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі
1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.
3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
33-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
(мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар, резерваттар және басқалар)
баруға қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқалардың) (бұдан әрі - ЕҚТА) аумағына маска режимін сақтай отырып, құрамында 3 адамнан аспайтын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) жеке тәртіппен баруға рұқсат етіледі.
3. Туристердің ұйымдастырылған топтары құрамындағы ЕҚТА аумағына мемлекеттік тізілімде тұрған туристік компаниялар арқылы, туристерге қызмет көрсету шарттары болған кезде және ЕҚТА әкімшілігі олардың аумағына баруға рұқсат етіледі.
4. ЕҚТА аумағы бойынша экскурсиялық турларды ұйымдастырудың ерекше шарттары:
1) жергілікті атқарушы органдармен келісудің болуы;
2) ЕҚТА-пен келісілген бағыттың болуы;
3) қалыптасқан туристік өнім мен топтық гид, сондай-ақ туристер құрамының болуы;
4) ЕҚТА аумағына кіру кезінде жолаушылар көлігі және жүргізуші, сондай-ақ ілесіп жүретін гид (тар) туралы деректер беру);
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы кепілдіктің және қалыптастырылған туристік өнім шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін толық жауапкершіліктің болуы;
6) туристер мен бірге жүретін қызметкерлерді туристік компаниялармен маскалармен және санитариялық ерітінділермен қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған топтардың құрамы 7 адамнан кем болмауы және 15 адамнан аспауы тиіс, ал оларды ұлттық саябақтың аумағына жеткізу және тасымалдау (ЕҚТА аумағына кірген кезде) жолаушылар көлігінің жұмысы үшін бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5. Келушілер маскада болған жағдайда ЕҚТА аумағына жіберіледі. Келушілердің кіру алдында және аумақта маскалар сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.
6. ЕҚТА аумағында қоғамдық тамақтану орындары мен объектілерінің қызметі көрсетілген объектілер үшін жалпы белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Туристік өнім шеңберінде орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда туристік компаниялардың осы ұйымдармен жасасқан шарты болуы қажет.
Туристік өнім аясында орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда, осы ұйымдармен жасалған келісім-шарт болуы керек.
8. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады.
9. ЕҚТА аумағында жаппай мәдени-ойын-сауық іс-шараларын, пикниктерді өткізуге және су айдындарында шомылуға тыйым салынады.
10. ЕҚТА және оның аумағында орналасқан объектілердің әкімшілігі:
1) жұмыс орындарында, ұлттық табиғи саябақтарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
3) халыққа қолды антисептиктермен өңдей отырып, маскамен қызмет көрсетуді;