(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САЛАЛАРЫ ҮШІН СУ ТҰТЫНУДЫҢ Ж...

Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 11 қазандағы № 431 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 86-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары бекiтілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

2016 жылғы «10» қараша

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

2016 жылғы « »

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.