«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысымен бекітілген) (2016.10.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.19.02. № 66 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 136 қаулысымен

бекітілген

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 Қаулысымен күші жойылды

 

 

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.10.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.10.10. № 431 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.