«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 417 бұйрығы

«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 417 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.»;

3 және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.