«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/435 қаулысымен бекітілді) (2019.06.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі

№ А-9/435 қаулысымен

бекітілді

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.06.05. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, Көкшетау, Степногорк қалаларының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ақмола облысы әкімдігінің 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Ақмола облысы әкімдігінің 2017.13.01. № А-1/8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.06.05. № А-5/208 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі - бұйрық) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйырығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.