Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 358/47-VIII шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:
1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін - мектеп көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) - 0 теңге;