Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 1184 Жарлығы
(2004.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы жарлыққа түсініктемені қара
Әскери және арнаулы атақтар беруді одан әрі ретке келтіру, қызметкерлері погоны бар нысанды киім (киім-кешек) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік органдардың санын қысқарту мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ алынып тасталсын;
2) № 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі
Қорғаныс министрінің - генерал-полковник
бірінші орынбасары - Штабтар
бастықтары комитетінің төрағасы
Қорғаныс министрінің - генерал-лейтенант
орынбасары (тәрбие жұмысы,
экономика және қаржы мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)
Штабтар бастықтары комитеті - генерал-майор
төрағасының орынбасары
Бас әскери инспекция - генерал-лейтенант
бастығы
Орталық командалық - генерал-майор
пункт бастығы
Бас барлау басқармасының - генерал-лейтенант
бастығы
Қарулы Күштер түрлерінің - генерал-лейтенант,
Бас қолбасшысы вице-адмирал