Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
8-қосымша
«Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен бірге беретін өтінішінің болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттарын қабылдауы - 15 минут;
2-рәсім - көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі - 5 минут;