Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 452, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 576, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 740, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 410 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 425 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Д. Назарбаеваның 2016 жылғы 21 маусымдағы № 20-49/1129 тапсырмасына сәйкес, «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялау туралы» 2008 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымын реттеу мәселелері бойынша тиімді ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестициялар және даму, ұлттық экономика және энергетика министрліктері Жол картасының бекітілген тармақтарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестициялар және даму, ұлттық экономика және энергетика министрліктері осы бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрлерге жүктелсін.
5. Осы бұйрық соңғы мемлекеттік орган қол қойған күннен бастап күшіне енеді.