(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ ЖОЛ-КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ТАУАРЛАРДЫ...

Осы редакция 2017 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 4 маусымдағы

№ 348 бұйрығына

44-қосымша

 

 

«Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік

пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.20.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 болып тіркелген) «Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары және кедендер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

ҚР Қаржы министрінің 2016.20.01 № 21 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру, не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.