«Қаржы ұйымдарын қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 111 Қаулысы (2026.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қаржы ұйымдарын қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 111 Қаулысы

(2026.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-6-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.10. № 152 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарын қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.