«Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 16 қазандағы № 118-н/қ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 381-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 527 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектер, уран және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті негізде жасасатын және жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған келісімдер кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) деп түсініледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: