«Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығы

Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қоса беріліп отырған Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары бекітілсін;

2. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34371 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Сапаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және

интеграция министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.