«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 158 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 158 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:

65-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар».»;

66-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6086 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредиті.»;

85-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер»;»;

85-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4040 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер».»;

88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.