«Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 336 Қаулысы (күші жойылды)

«Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 336 Қаулысы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 86 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 болып тіркелген, 2015 жылдың 27 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі -Регламент):

5 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

жиынтық актіні бағыттар бойынша тіркейді, 3 (үш) жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған аудан бойынша жиынтық актілерді деректердің бар-жоғы және толықтығы тұрғысынан қарастырады. Сәйкес келмеу белгіленген жағдайда, оларды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, аудан бойынша жиынтық актілерді қайтарып беру себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін бөлімге қайтарып береді;

жиынтық актілер сәйкес болған жағдайда, жиынтық актіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жібереді;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.