Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 нөмірінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органнан оны Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітуге өтінім ұсынады.»;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінімге қоса беріліп отырған есептер мен негіздеуші материалдар мына талаптарға жауап беруге тиісті: